“ЗАҒИП ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕР” ҮЙІРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА

️Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көз көру қабілеті бұзылған оқырмандарға, көру мүмкіндігі шектелген жандарға ақпараттарды толығымен жеткізу, оларға көбірек көңіл бөлу, психологиялық көмек көрсету, қоғамда белсенді бейімдеуге ықпал жасау мақсатында Брайль жүйесі бойынша оқу және жазуға үйрететін «Зағип және компьютер» үйірмесі барысында компьютерлік курс сабақтары жүргізілуде. Үйірмені кітапханашы, 1-ші топ көз мүгедегі Ербол Бегимов жүргізіп, кітапхананың тұрақты оқырмандары, “Болашақ” мектеп-интернатының оқушыларына компьютермен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетіп түсіндірді. Жалпы зағиптар және нашар көретін адамдар үшін компьютерлік сауаттылық сабақтары аптасына екі рет өткізіледі. Оқыту курсы – 20 сабақтан тұрады.