ЗАҒИП ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЛАГЕРЬДЕ

        Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Жазғы демалыс кітаппен бірге» Baby show жазғы қысқа мерзімді лагерь жұмысы жалғасуда.
         №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернатының оқушыларымен ұйымдастырылған лагердің үшінші күні балалар Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында болып, «Ғажайып» ертегісін тамашалады.
         Сонымен қатар, «Майская роща» демалыс саябағына барып, таза ауа мен жасыл табиғатта қызықты ойындар ойнап, көңіл көтерді. Мерекелік шара барысында сөз алған кітапхана директоры Ж.Алшинбаева лагерге қатысушыларға арнайы сыйлықтарын табыстап, балаларға ризашылығын білдірді.