ЗАҒИП ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

        Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты ұлтаралық жарыс өтті.
       Мақсаты: болашақ ұрпақты ынтымақтыққа, достыққа, өз отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу жас ұрпаққа біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін, тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
        Жарысқа №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернаты оқушыларының арасынан қазақ, орыс, әзербайжан, украин 4 ұлт өкілдері қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Нақты айтқанда таныстыру, салт-дәстүр, мақал –мәтел, өзге мемлекеттердің туын екен табу және өз өнерлерін ортаға салу. Барлық кезеңдерде сайыскерлер өз тілдерінде жарысқа түсті.
       Іс-шара соңында әділ қазылар алқасы қатысушыларды І дәрежелі дипломмен Сағындық Айсана, ІІ дәрежелі дипломмен Свердюк Данил, ІІІ дәрежелі дипломмен Садаев Евгений марапатталып, сондай-ақ Ахмедова Лора алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.