ЗАҒИП ОҚЫРМАНДАР «izi.TRAVEL» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІН АРАЛАДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының оқырмандары «izi.TRAVEL» жобасы аясында Қарахан, Айша бибі кесенелері мен «Төрткүл» керуен-сарайына экскурссия жасады. Оқырмандар іс-шара барысында «izi.TRAVEL» ақпараттық аудио нұсқаулық немесе қосымшасын ұялы телефондарына жүктеу арқылы тарихи орындардан толық ақпарат алды.
Бұл жоба зағип оқырмандар арасында қалалар, ескерткіштер мен музейлерге арналған мобильді аудио гид қызметін ұсынады. Оның көмегімен оқырмандар музейлер мен қалаларға баруды қызықты және әсерлі етіп өткізетін болады.
Жобаның мақсаты : Зағип азаматтардың қоғамдық ортада өздерін еркін ұстау, орта ғасырлық тарихи нысандармен таныстыру үшін гидтің көмегінсіз ұялы телефон арқылы ақпаратқа қол жеткізу.