ЗАҒИП ЖАНДАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Шара үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар арнайы дайындалған билеттер арқылы қойылған сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең — «Мықты болсаң, озып көр» атты сайыс болды. Мұнда ойыншылар түрлі мамандықтар бойынша ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап берді. Ал үшінші кезеңге іріктелген қатысушылар өз білімдерін тағы бір сынап, жеңімпазды анықтады.

