“ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ” АТТЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейімен» бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеуге, музей қорындағы тарихи экспозицияларды кеңінен наситтау мақсатында 9 қазан – халықаралық мүгедектер күніне орай «Жүректен жүрекке» жылжымалы көрме «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Асар» оңалту орталығында өтті.
Көрмеге тарихы сырға толы музей қорында сақталған ортағысырлық археологиялық жәдігерлер қойылып, атап айтсақ, қасқыр басты қола, күпшек, қыш және қоладан жасалған шырағдандар топтамасы, көне Айша бибі кесенесінің түпнұсқадағы кірпіші және т.б ХІХ ғасырлардағы музыкалық аспап (каманча) қыш ыдыстар, жасақталып, оларға сипаттама беріліп, жәдігерлер тарихы түсіндірілді.
Шара соңында тарихи жәдігерлерді мүгедек жандарға қол ұшымен сипап-сезінуге мүмкіндік беріліп, музей қызметкерлерімен кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді.

