ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРГЕН БІР ТОП БАЛА СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

«Зағип балаларға – жаңа цифрлық технологиялар» жобасы аясында 2022 – 2023 жылдар аралығында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың тифлология бөлімінің кітапханашысы Бегимов Ербол Аққайұлы №2 Арнаулы «Болашақ» мектеп – интернатының оқушыларына компьютер және сенсорлық телефондарда еркін жұмыс істеу әдісі бойынша сабақтар жүргізді.

Аталған сабақтар нәтижесінде тұрақты қатысып, толық курстан өткен белсенді 22 оқушыға UNICEF Халықаралық балалар құқығын қорғау ұйымы және «ЖАН», «АЗИЯ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің сертификаттары табыс етілді.