ЖАҢА ЖЫЛДА ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ.

Биыл кітапхана саласында жаңа жоба іске қосылды. Бұл Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасын дамытуға әрі оқырмандарды кітап оқуға тартудың тамаша мүмкіндігі.
Жаңа «Инклюзия және театр» жобасы «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларымен жүзеге асырылатын болады. Ондағы мақсат:
Көзі көрмейтін және нашар көретін балалардың өзін қоршаған ортасында, ойындарында ептілік танытып қолдануға қалыптастыру, сюжетті-рөлді ойында шығармашылықты дамыту, театр туралы білімдерін бекіту.
«Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларының ендігі кезекте мәдени көпшілік шараларда, театрда тек көрермен ретінде қатыспай, өздеріде сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Бүгін алғашқы сабақта болашақ актерлер театр, актер, режиссер турасында теориялық ақпарат алып, практикалық сабақта өзін-өзі тану жаттығуларын орындады. Алдағы уақытта балалар түрлі тақырыпты қамтыған шағын қойылымдарды сахналайтын болады. Жоба жетекшісі Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері Г. Қырықбаева