”ЖАҚСЫ КІТАП – ЖАН АЗЫҒЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ ӨТТІ

         Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып және кітапты көп оқитын орта қалыптастыру мақсатында «Кітапхана TV» жобасының кезекті шығарылымында жас ақын, жазушы Салтанат Мадиярқызымен «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында сұхбат өтті.             Тағдырдың сынына ұшыраса да, қайыспай қолына қалам ұстап, өмірін өлеңге айналдырған ақын қыз бүгінгі таңдағы өзекті мәселеллер бойынша, мысалы кітаптағы грамматикалық қателіктер, жазушылардың қоғамдағы рөлі сияқты тың сауалдарға тұщымды жауап қайтарды.
          Сонымен қатар, болашақта атқарылатын тың шығармашылық жоспары мен бөлісті.