ЖАҢА КІТАПТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкерлері кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптарды өзара таныстырды.
«Зағип пайдаланушыларға абонементтік қызмет көрсету» секторының меңгерушісі Сагымбаева Алия мен кітапханашы Самбетова Лаура, “Оқырмандарға абонементтік қызмет көрсету” бөлімінің кітапханашысы Бердіходжаева Жансия Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам», Қуаныш Шонбай «Екінші болма», Гәри Бишоптың «Бас қатырма, өмір сүр», Наполеон Хиллдың «Ойлан да байы», Лариса Парфентьеваның «Өміріңді өзгертетін 100 әдіс», Дейл Карнегидің «Алаңсыз өмір сүру құпиялары», Данияр Сүлейменовтың «Ең бақытты әйел», Тұрсынәлі Рыскелдиевтың «Өсиет», Қасиет Қанатқызының «Әдебі әдемі ханшайым бол», мен Джек Лондонның «Ақ азу» атты кітаптарын таныстырды.
Возможно, это изображение 1 человек и текст  Возможно, это изображение 1 человек  Возможно, это изображение 1 человек и текст Возможно, это изображение 6 человек и люди учатся