Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «BOOK FM» жобасы аясында «Jambyl» радиосының «Айтарым бар» бағдарламасының кезекті санында 2-сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Өзің оқы да, өзгеге ұсын» тақырыбында сұхбат жүргізді.
Жоба қонағы – балалар жазушысы, «Еңбекші» республикалық газетінің бас редакторы Құлибаев Марат Құлибайұлы. Марат Құлибайұлы – «Мейірім», «Апамның аялы алақаны» әңгімелері, «Жұлдызы биік Жуалы» атты тарихи-танымдық және «Қолқанат» атты әдеби кітаптың авторы. Сұхбат барысында Марат Құлибайұлы балалар кітабы жайлы өз тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі балалар кітабы мен бұрынғы балалар кітабының мазмұны мен мәніне, тіліне, құрылымына, авторлардың жазу деңгейіне де тоқталып өтті.
Интернет, жасанды интеллект қарыштап дамып тұрған заманда балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды баса назарда ұстау керектігін де атап өтті. Балаларға өзінің оқыған қызықты кітаптарын оқуды ұсынды.
Қорытындылай келе, кітап – білімнің, тәрбиенің және рухани байлықтың қайнар көзі. Ол адам санасын дамытып, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.

