“ЖАНДҮНИЕ ҮЙЛЕСІМІ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “АҚ ТАЯҚ”КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОЛӨНЕР АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Халықаралық “Ақ таяқ” күніне орай “Жандүние үйлесімі” атты тақырыпта Жамбыл облысының қолөнер шебері, суретші, зергер Жексенбиев Мұрат Елубайұлымен кездесу өткізіп, көрме жасақтады. Көрмеге қазақтың ұлттық сәнді әшекей бұйымдары мен ат әбзелдері және этнографиялық ыдыстары қойылды.
Іс шара барысында зағип оқырмандар Мұрат Жексенбиевке сұрақтарын қойып, көрмеге қойылған бұйымдарды қолдарымен ұстап, танысты. “Оқырмандарға қызмет көрсету” бөлімінің меңгерушісі Бекетаева Айгерім “Қазақтың қолөнері” атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.