«ЖАРЫҚ ЖҮРЕКТЕ-НҰРЛЫ ӘЛЕМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТОЛЫҚТЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы Қордай аудандық әдеби-мемориалдық музейінде Кенен Әзірбаевтың жеке бөлмесіндегі өзінің тұрмыста қолданған жеке заттары мен киімдерінен тұратын жәдігерлерден зағип азаматтарға арналған «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» танымдық бұрышы бойынша «Жарық жүректе-нұрлы әлем» тақырыбында толықтыру шарасы өтті.
Арнайы іс-шараға аудан көлеміндегі зағип азаматтар қатысып, заманауи үлгіде QR код 26 жәдігерге толықтырулар енгізіліп, толықтырылып, арнайы кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден “Кітап-тарих айнасы, шежіре-ұрпақ мұрасы” атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың өмірі мен өнерімен жан-жақты таныстырылып, Кенен атаның өзінің жеке заттарын зағип оқырмандар өз тарапынан қолдарымен ұстап танысу мүмкіндігін алып, көру қабілеті нашар азаматтар құнды жәдігерлермен QR арқылы смартфонның көмегімен өз беттерінше танысып, кітапхана оқырмандары мен музей қонақтары алған әсермен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

