“ЖАС БУЫНҒА БАҒДАР” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 маусым күні “KENES TIME” жобасының аясында қоғамдық орындарда ақпараттың еркін қолжетімді болуы үшін Тараз қалалық Медициналық колледжінің мүмкіндігі шектеулі түлектерімен Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығынан нарықты болжау бөлімінің басшысы Жасұлан Мұхтарұлының жетекшілігімен тәжірибелі мамандары шақыртылып “Жас буынға бағдар” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты: Кітапхананың зағип оқырмандары өздерінің жеке құқықтарын білу, қоғамнан тыс қалмай ілгері жүру, уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады.
Кездесу барысында Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Динара Бахытқызы жұмысқа орналасудың жолдарын жіте түсіндіріп, бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар көптеген мәселелер талқыланып, оқырмандарымыз қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алып, ұйымдастырушылармен сала мамандарына алғыстарын білдірді.