“ЖАС БУЫНҒА БАҒДАР” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Kenes Time» инклюзивтік жобасы аясында «Жас буынға бағдар» атты кездесу өткізді.
Кездесу барысы “Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, Ізденушілермен жұмыс жасау бөлім басшысы Байузаков Ерлан Сексенадилович, Мансап орталығы, Азаматтардың әлеуметтік осал санатымен жұмыс бөлім басшысы Шарапхан Ару Айдарханқызының қатысуымен өтті.
Жоба аясында «Жұмыспен қамту бағдарламасымен» таныстыру жұмыстары жүргізіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған барлық бағдарламалар турасында ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар тәжірибесінен өтіп, соңынан жұмысқа тұра алатындығы ескертіліп айтылды.