ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КІТАППЕН БІРГЕ

️Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Жазғы демалыс кітаппен бірге» жазғы қысқа мерзімді лагерьдің ашылу рәсімі өтті. Мақсаты балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыру, жүздеріне қуаныш сыйлау. Лагерьге №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернатының оқушылары қатысты. Бүгін бірінші күні балалар «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне» экскурсия жасады. Музейде ұлттық құндылықтарымыз, тарихи жәдігерлеріміздің тарихымен танысып, қолдарымен ұстап сезініп, замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозицияларды смартфонға жәдігердің кодын енгізіп ақпараттарды құлаққап арқылы тыңдай алды. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «MART» сауда орталығында өткізілген мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.

️Сондай-ақ, спорттық, викториналық, логикалық ойындар ойнатылып, белсене қатысқан балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.