«Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, талантты әнші, тәжірибелі массажист, голболшы, футболшы, отбасында ардақты әке – Есімов Ғалымжан Ренатұлы қатысты.

 

 

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйрету арқылы оңалту және бейімдеу, дыбыс бойынша түрлі тұрмыстық аспаптарды анықтау, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, түрлі тағам түрлерін жасауды үйрету мақсатында «Тiflo-Асхана» жобасын жалғастыруда. Бүгінгі кезекті шығарылымға – «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, талантты әнші, тәжірибелі массажист, голболшы, футболшы, отбасында ардақты әке – Есімов Ғалымжан Ренатұлы қатысты. Ол өзге ұлт өкілдерінің тағамдарынан сәбіз көкөнісінен құралған, дәруменге бай «Корей» салатын әзірледі. Салатты әзірлеу барысында мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға асханада ас дайындауда назар аударатын басты қауіпсіздік ережелерін, түрлі тағам түрлерін қалай өздігінен дайындауға үйрету жолдарын айтып, спортта жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттарын баяндап, соңғы уақытта оқыған қызықты кітаптарымен бөлісті. Сондай-ақ, ән өнеріне қызығушылығын жеткізіп, арнайы кітапхананың оқырмандарына Айқын Төлепбергеннің «Күндер өтуде…» әнін шырқап, баршаға әсем көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында кітапханашы ұжымның атынан сыйлық табыстап, отбасына бақыт, алдағы республикалық спортакиадалық жарыста жеңіс, жұмысына табыс тіледі.