«ЕЛ АСТАНАСЫ –НҰР-СҰЛТАН» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ФОТО КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Елордамыз Нұр-сұлтан қаласының шығу тарихымен таныстыра отырып, зағип оқырмандардың туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру, өз Отанын мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Тифло-музей» жобасы аясында 6 шілде – Елорда күніне орай «Ел астанасы –Нұр-Сұлтан» атты тақырыпта фото көрме ұйымдастырылды.
Фото көрме Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Көркемсурет галереясында», «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерімен «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары тамашалады.
Көркемсурет галереясында зағип оқырмандарға 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні жыл сайын атап өтіліп келетіндігі айтылып, көркем суреттерді насихаттап «М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің» білімгерлері жасаған «қонақ үй» макеті мен арнайы ермексазбен жасалған «Жылқы» мүсіні таныстырылып, сурет өнеріне құштар жас суретшілірдің шығармашылық туындыларын өз қолдарымен ұстап сезінуге мүмкіндік алды.
Шара соңында оқырмандар Елорданың қазіргі уақытта жаңаруы мен жаңғырғандығын сөзге тиек етіп, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, музей қызметкерлері мен арнайы кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.