КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНДА ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл облысының қылқалам шеберлерінің туындыларын таныстыру, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды суретке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Болашақ» мектеп-интернатының 7 “Ә”сынып оқушыларына Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қарасты көркемсурет галереясында экскурсия өткізілді.
Шара барысында Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Тян Генадий Владимировичтің өмір жолынан кішкене мағлұматтар беріліп, әр түрлі стильде салынған шығармашылық туындылары бейнеленген көркемсуреттері таныстырылды. Сонымен қатар, оның халықаралық, республикалық, облыстық дәрежеде қойылған көрмелері кеңінен насихатталды.
Шара соңында суретшінің «Ақорда» Президент сарайында шет мемлекеттерінде туындылары сақталынғандығы айтылды. «Болашақ» мектеп-интернаты оқушылары көрменің өте қызықты екенін айта отырып, кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді.